Сарыжаз кәсіптік-техникалық колледжі - бұл студент кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын!
Алматы облысы, Райымбек ауданы, Ақбейіт ауылы, М.Алімұлы көшесі, 1-3 үй
8 (7277) 92-63-58
8 (7277) 92-61-01
Біз сіздің сұрауыңызды қабылдадық және жақын арада оны өңдейміз! Өкінішке орай, біз сіздің сұрауыңызды пысықтай алмадық.
ОҚУҒА ТҮСУ
Сарыжаз кәсіптік-техникалық колледжі - бұл студент кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын!
БІЛІМ ОРДАСЫ
"Сарыжаз кәсіптік-техникалық колледжі" МКҚК
AA+

"Таза Қазақстан” акциясы аясында колледжішілік жалпы сенбілік жұмыстары жүргізілді.


Қазақ халқының ұлттық ойындары – ата-бабамыздан қалған құнды мұра. Бұл ойындар тек көңіл көтеру үшін ғана емес, сонымен қатар денені шынықтыруға, ақыл-ойды дамытуға, ұлттық тәрбиені қалыптастыруға бағытталған.Бүгінде оларды жаңғырту – ұлт мәдениетін сақтаудың маңызды бөлігі.#асықдәстүрі,#ұлттық ойындар @асық спорты@салауатты қазақстан,@almrumc

 

Ағымдағы жылдың 17 күні “Отбасындағы әке мен ананың рөлі: дәстүр және жаңа көзқарас” атты тәрбие сағаттары өткізілді.


52 - топтың ұйымдастыруымен “Ұлыстың ұлы күні - Наурыз мейрамы” атты іс - шара өткізілді. Шара барысында қазақтың салт - дәстүрлері насихатталып, ұлттық ойындар ойнатылды. Қатысушылар ұлттық дәстүрмен танысып, наурыз көжеден дәм татты.


Білім алушылардың,колледж ұжымының және оқытушылардың көңіл-күйлерін көтеру, жағымды психологиялық ахуал қалыптастыру мақсатында колледж психологы Б. С. Шакерова, жатақхана тәрбиешісі Д. Ж. Керекбаевтың 1 - наурыз Алғыс айту күніне орай ұйымдастырған іс - шара өткізілді.


Наурыздың 7-сі күні көктемнің шуағындай жылы әрі жүректерді жадыратқан 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне арналған керемет кешіміз өтті! 2-курс 49-топ білім алушылары, топ шебері Қабылбеков Ернар Асхатұлы және топ жетекшісі Машаева Еркежан Базиолдақызының ұйытқы болуымен ұйымдастырылған бұл кеш нәзік жандыларға деген шынайы құрмет пен ізгі лебізге толы болды. Ән мен жыр, ақ тілектер мен жүрекжарды құттықтаулар, әсерлі қойылымдар – барлығы да аруларымыздың мерекелік көңіл-күйін еселей түсті! Бұл кеш – сұлулық пен мейірімнің, аналық махаббат пен нәзіктіктің мерекесі екенін тағы бір дәлелдегендей.


“Ыстық ұя”- табиғатқа жанашырлық. Райымбек ауданы “Сарыжаз кәсіптік- техникалық колледж” жастарының ұйымдастыруымен “Ыстық ұя” акциясы аясында құстарға ұя іліп, табиғатқа тағы бір жанашырлық қадам жасады. Мұндай бастамалар табиғатты аялауға деген ортақ жауапкершілігімізді көрсетеді. Бұл бастама тек құстарға ғана емес,қоршаған ортаға деген сүйіспеншілікті арттыруға да ықпал етеді. Келешек ұрпаққа таза табиғат пен жасыл орман қалдыру үшін әрқайсымыз осындай игі істерге ат салысайық!


Колледжіміздің биология және химия пәні оқытушысы Валиева Алмагуль Азатовна «Білім беру» саласы бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері арасында кәсіби шеберлік конкурсының облыстық кезеңіне қатысып жүлделі ІІ орын иеленді.


4 маусым - Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін насихаттау және колледж білім алушыларының бойында патриоттық сезімдері мен толеранттылық қағидаттарын қалыптастыру мақсатында Қазақстан Республикасының мемлекеттік әнұраны шырқалды.


«Оқуға құштар колледж» жобасы аясында 13.05.2024ж колледж білім алушылары арасында ағылшын тілі пәні оқытушысы Г.Толендиеваның ұйымдастыруымен «Колледж жыл оқырманы» конкурсы өтті. Іс-шараға 45, 42, 48, 49, 46 топтарының білім алушылары қатысты.
#сарыжазколледж
#Студенттік_парламент
#конкрус
@saryzhaz_auyldyk_akimdigi
@bolekbaeva.akbota


«Оқуға құштар колледж» жобасы аясында 2024 жылдың мамыр айында колледж білім алушылары арасында өндірістік оқыту шебері Мукажанов Елубайдың ұйымдастыруымен «Бізді кітап табыстырды» атты фотоконкурс өтті.
#сарыжазколледж
#Студенттік_парламент
#Оқуғақұштар
@bolekbaeva.akbota
@saryzhaz_auyldyk_akimdigi


14.05.2024ж Сарыжаз кәсіптік-техникалық колледжі МКҚК ҚР ҰҚК терроризмге қарсы орталықтың тапсырмасына сәйкес бейнероликтерді LED-экранында көрсетіліп,әлеуметтік желілерге таратылды. Білім алушыларға түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
#Сарыжазколледж
#Студенттік_парламент
@bilim_baskarmasi
@saryzhaz_auyldyk_akimdigi
@bolekbaeva.akbota


«Кітап оқы. Шабыттан-2024» облыстық байқауына таңдалып алынған кітаптар тізімі бойынша Сарыжаз кәсіптік-техникалық колледжінде арнайы пән оқытушысы Қадыр Айзаттың ұйымдастыруымен 25.04.2024 жылы Әбділдә Тәжібаевтың туғанына 115 жыл толуына байланысты әдеби шара өтті. Шарада Әбділдә Тәжібаевтың “Оркестр”, “Майра” поэмалары таныстырылды.


Колледж білім алушылары арасында "Сыбайластық жемқорлыққа жол жоқ!" тақырыбында облыстық челлендж өткізілді.
Челлендждің мақсаты: Қоғамдағы әртүрлі сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, пайда болу жағдайлары туралы түсінік қалыптастыру, өз ойларын еркін жеткізе білу қабілеттерін дамыту, мемлекетіне жанашырлықпен қарау және адамгершілікке тәрбиелеу. Шараның өтуіне барлық білім алушылар жоғары деңгейде ат салысты.


«Кітап оқы. Шабыттан-2024» облыстық байқауына таңдалып алынған кітаптар тізімі бойынша Сарыжаз кәсіптік-техникалық колледжінің 1-курс 49-топ білім алушысы Жалғасбай Мадина байқауға таңдалып алынған кітаптар тізіміне енген Сәкен Сейфуллиннің «Тар жол,тайғақ кешу» -атты кітабын оқып шықты. Роман сюжетіне діңгек боп орналасқан аса көрнекті азамат ақын, күрескер Сәкен Сейфуллин тұлғасы зор тарихи-әлеуметтік құбылыстың қазақ жеріндегі дүмпуін, сахара халқының ұлттық-саяси бостандыққа ұмтылған алмағайып тағдырын елестетеді. Автор – қаһарман бар болмыс-бітімі мен дара характер ерекшеліктеріне қарамастан, үлкен жалпылаушылық сипаттарға бай. Қаламгер өз басынан кешкен сұрапыл оқиғаларды еске түсіре отырып, эпизодтық кейіпкерлер өмірінен тікелей баяндау немесе автордың шегіністер арқылы уақыт шындығын көрсететін мәлімет, хабарлар келтіріп отырады. Романда төңкеріс қарсаңы мен кеңес өкіметінің алғашқы жылдарындағы Қазақстанның бар түкпіріндегі саяси-қоғамдық істердің бағыты, барысы, салалары кең пайымдалады.
#Сарыжазколледж
#Студенттік_парламент
#Кітапоқы
#Шабыттын-2024
@saryzhaz_auyldyk_akimdigi


«Кітап оқы. Шабыттан-2024 » облыстық байқауына таңдалып алынған кітаптар тізімі бойынша Сарыжаз кәсіптік-техникалық колледжінің 1курс білім алушысы Жақсылыққызы Торғын байқауға таңдалып алынған кітаптар тізіміне енген Медеу Сәрсеке "Қазақтың Қанышы"-атты кітабын оқып шықтым. Медеу атамыздың қазақтың біртуар перзенті, ұлы ғалым Қаныш Сәтбаевтың өнегелі өмір жолын баяндаған роман-эссесі –ол кісінің есімін елімізге ғана емес, сол кездегі Одаққа танытты. Бұл шығарма қазақша −12, орысша – 5 және ағылшынша бас-аяғы 18 рет басылғанымен, оның алғашқы кітабы туған елінде түрлі кедергіге тап болды. Біз бүгін 125 жыл толған, қабырғалы қаламгермен осы туындының қалай жазылып, баспадан қалайша жарияланғаны жайында оқып таныстым.

#Сарыжазколледж

#Студенттік_парламент

#КітапоқыШабыттан2024

#ҚанышСәтбаев125жыл

@saryzhaz_auyldyk_akimdigi

@raiymbek_audany_akimdigi


« Толағай ақын, қайталанбас жыр иесі »

Әбділда Тәжібаевтың туылғанына 115 жыл! Мақсаты : Әбділда Тәжібаев өміріне қатысты тың деректермен таныстыру, Отанымыз туралы жазылған шығармалар арқылы ақын ауылының, тамыры терең, тарихы кең Сыр өлкесін таныстыра отырып, өскелең ұрпақты отаншылдық сезімге, патриоттық рухқа дағдыландыру, эстетикалық тәрбие беру.Кітапханашы Абдрахова Айгүл Қутпанқызы

#Сарыжазколледж

#Студенттік_парламент

#ӘбділдаТәжібаев115жыл

@saryzhaz_auyldyk_akimdigi

@raiymbek_audany_akimdigi


2024 жылының сәуір айының 01 күні Сарыжаз кәсіптік-техникалық колледжі оқытушыларына және білім алушыларына Райымбек АПБ ЖПҚБ-ның учаскелік полиция инспекторының полиция майоры М.М. Жумадиловпен Райымбек АПБ ТБ-нің аға тергеушісі полиция капитаны А.С. Зинаудиновамен кездесу өткізілді. Кездесу барысында қоғамда белен алып жатқан интернет алаяқтық қылмыстардың алдын алу және білім алушылар арасында әлімжеттікпен бопсалауды болдырмау мақсатында түсіндірме жұмыстары жұмыстарын жүргізді.

#Студенттік_парламент
#Сарыжазколледж
#Интернеталаякалдыналу

 


Сарыжаз кәсіптік - техникалык колледжі
 
1.04.2024 күні Сарыжаз кәсіптік-техникалық колледжінің білім алушыларымен “Діни экстремизм мен терроризм салдары” тақырыбында Сарыжаз ауылдық мешітінің бас имамы М. Біләлұлы мен Райымбек АПБ ЖПҚБ- ның учаскелік полиция инспекторы полиция майоры М. Жумадиловпен кездесу өткізілді.

Сарыжаз кәсіптік - техникалык колледжі
Сарыжаз кәсіптік- техникалық колледжінде 20.03.2024 күні
Жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың және суицидтік мінез-құлықтың алдын алу мақсатында жалпы ата-аналар жиналысы өтті

 

 

Сарыжаз кәсіптік - техникалык колледжі
18.03.2024 ж Сарыжаз кәсіптік- техникалық колледжінің мұғалімдерімен білім алушыларына Райымбек АПБ бастығы, полиция подполковнигі Қ.Ж. Абдилдаев және оның орынбасары полиция подполковнигі С. Ж. Демеуов, ЖПБҚ ЮПТ полиция лейтенанты Б. Шарлыздың тарапынан қоғамда орын алып жатқан интернет алаяқтарының қылмыстарына тосқауыл қою туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізді