Сарыжаз кәсіптік-техникалық колледжі - бұл студент кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын!
Алматы облысы, Райымбек ауданы, Ақбейіт ауылы, М.Алімұлы көшесі, 1-3 үй
8 (7277) 92-63-58
8 (7277) 92-61-01
Біз сіздің сұрауыңызды қабылдадық және жақын арада оны өңдейміз! Өкінішке орай, біз сіздің сұрауыңызды пысықтай алмадық.
ОҚУҒА ТҮСУ
Сарыжаз кәсіптік-техникалық колледжі - бұл студент кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын!
БІЛІМ ОРДАСЫ
"Сарыжаз кәсіптік-техникалық колледжі" МКҚК
AA+

Колледж Алматы облысының ауылшаруашылығы жұмысшы мамандарын дайындайтын оқу орындарының бірі болып табылады. Алматы облысы, Райымбек ауданы, Сарыжаз селолық округіне қарасты Ақбейіт ауылында колледждің ғимараттары орналасқан.

Ақпараттық — коммуникациялық технологиялар:

2 компьютерлік кабинет (10 компьютер, 75 ноутбук бар)
5 - интерактивті LED  панель 
1 ақпараттық дүңгіршек
Теориялық оқыту кабинеттері  (18) 50% мультимедиялық кешендермен (компьютер, проектор, экран және электронды тақта). Бейнебақылау камерасы колледж ғимараттары мен жатақханасында толық жабдықталған.
Бағдарламалық қамтамасыз ету – Microsoft Office 2010, 2013, CorelDraw, Adobe Photoshop, Компас 3D, 3D Max, антивирустық бағдарламалар. Колледж сайты.
Колледжде 25 орындық оқу залы бар. Кітапханада колледж студенттерінің қызметіне арналған ксерокс, сканер, принтер, 10 ноутбук қойылған. Бөлім негізгі қызметтен тыс ақпараттың электронды терезесі арқылы соңғы жаңалықтар мен хабарландыруларды да жариялайды, ақпараттық дүңгіршектерге қызмет көрсетеді, автоматтандырылған жұмыс орындарын және колледж жұмысын оңтайландыру үшін қажетті қосымшаларды әзірлейді.  Колледж қызметкерлері мен білім алушыларының тамақтануын қамтамасыз етуге арналған 75 орындық  асхана бар.  Колледж асханасы жаңа технологиялық және мұздатқыш құрылғылармен: бірінші және екінші тағамдарға арналған мармиттер, тоңазытқыш витриналар мен шкафтар, ыдыс жуғыш машина, ұн себуге және қуыруға арналған шкаф, бірінші тағамдарды жылытуға арналған сөрелермен жабдықталған. Колледж оқытушылары мен білім алушыларына алғашқы медициналық көмек көрсетуді медициналық пункт жүзеге асырады. Алғашқы медициналық көмек көрсетуге арналған барлық қажетті препараттар бар. Жыл сайын колледждің барлық оқытушылары мен білім алушылары флюрографиялық тексеруден, ал бірінші курсқа келушілер — медициналық тексеруден өтеді.Сонымен қатар колледжде 200 орынды жатақхана,спорт зал,100 орынды акт залы бар. Колледждің жақсы жабдықталған заманауи оқу-материалдық  базасы, жалпы көлемі  4500 шаршы метрді құрайтын оқу-зертханалық, оқу-өндірістік,  шаруашылық және әлеуметтік ғимараттары бар.


«ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРУ ПӘНДЕРІ»


«АРНАЙЫ ПӘНДЕР»


«КІТАПХАНА»


«СПОРТЗАЛ»


«ЖАТАҚХАНА»


«МЕДИЦИНАЛЫҚ ПУНКТ»


«КОЛЛЕДЖ КОРПУС»


«ШЕБЕРХАНА»