Сарыжаз кәсіптік-техникалық колледжі - бұл студент кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын!
Алматы облысы, Райымбек ауданы, Ақбейіт ауылы, М.Алімұлы көшесі, 1-3 үй
8 (7277) 92-63-58
8 (7277) 92-61-01
Біз сіздің сұрауыңызды қабылдадық және жақын арада оны өңдейміз! Өкінішке орай, біз сіздің сұрауыңызды пысықтай алмадық.
ОҚУҒА ТҮСУ
Сарыжаз кәсіптік-техникалық колледжі - бұл студент кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын!
БІЛІМ ОРДАСЫ
"Сарыжаз кәсіптік-техникалық колледжі" МКҚК
AA+

«Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру жүйесінің педагогі: еңбек функцияларын жетілдіру» бағдарламасы бойынша біліктілікті арттыру курсы өтті.

Талап КЕАҚ ұйымдастыруымен 29.03.2022-15.04.2022 аралығында “Кәсіптік оқудағы көпсалалы колледжі” базасында «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру жүйесінің педагогі: еңбек функцияларын жетілдіру» бағдарламасы бойынша біліктілікті арттыру курсы өтті. Курс 108 сағат академиялық, оның ішінде 72 академиялық сағат аудиториялық оқыту бірнеше модульдар бойынша: «Мазмұндық модуль. ҰБШ, БСШ, кәсіптік стандарттарды, “Атамекен”ҚР стандарттарын қолданып және жұмыс берушілердің талаптарын ескере отырып білім беру бағдарламаларын әзірлеу», «Функционалдық модуль. Педагогтің кәсіби деңгейін анықтау», «Технологиялық модуль. ТжКОБ студенттерінің оқыту нәтижелеріне қол жеткізу әдістері мен құралдары», «Әлеуметтік модуль. ТжКОБ инклюзивті білім беру» модульдары бойынша, және 36 сағат - «Практикалық модуль. Кәсіпорындар/ұйымдар базасындағы тағылымдама» өтті. 

Курс оқыған педагогтар ТжКОБ білім беру бағдарламаларын әзірлеу үшін қажетті нормативтік құжаттарға шолу жасап, модуль/пән бойынша оқыту нәтижелерін анықтап, модуль/пән бойынша оқу бағдарламасын әзірлеуді үйренді. 

Курстың екінші аптасында “Райымбек ауданының ветерирарлық пунктері бар ветеринарлық станциясында”ШЖҚ КМК базасындағы тағылымдамадан өтті.

Ұлттық біліктілік тестілеудің ерекшеліктері мен форматы жайлы ақпарат алмасып, біліктілік санатын растауға жеке дайындық жоспарын құрды. BOPPPS моделі бойынша цифрлық технологияларды қолдана отырып оқу сабағын өткізу фрагментін көрсетті. 

Инклюзивті білім беру бойынша жалпы ақпарат алып, ерекше білім беруді қажет ететін балаларды оқытудың жеке жоспары мен оқу жетістіктерін бағалау критерийлерін үйренді.

Курс өткен “ Сарыжаз кәсіптік-техникалық колледжінің” педагогтері осы курсты ұйымдастырған Талап КЕАҚ және тренер Токенова Гульнара Сагидоллаевнаға, курс өту барысында Алматы облысы,Шамалған ауылындағы “Кәсіптік оқудағы  көпсалалы колледжі” базасында барлық қолайлы жағдай жасаған колледж басшылығына алғыс айтамыз!

{gallery}news/46-asiya-m{/gallery}