25 қазан Республика күніне орай оқу орнымызда «Жас тарихшы» дебаттық турнирі ұйымдастырылып, жоғары деңгейде өтті. Турнирге білімді, ізденімпаз жас өрендер қатысып, өз ойларын еркін жеткізе отырып, тарихи деректерге сүйеніп пікірталас жүргізді.
Шараның басты мақсаты жас буынның тарихқа деген қызығушылығын арттыру, елжандылық қасиеттерін қалыптастыру және сындарлы ойлау дағдысын дамыту болды.
Пікірсайыс барысында қатысушылар өздерінің білімін, шешендік қабілетін, фактілерді талдау және дұрыс дәлел келтіру шеберлігін көрсетті. Үздік нәтижеге қол жеткізген командалар арнайы марапаттармен және алғыс хаттармен марапатталды.
«Жас тарихшы» дебаттық турнирі қатысушыларға ерекше мотивация сыйлап, болашақта биік белестерді бағындыруға ықпал ететін тағылымды шара болды.
@bolekbaeva.akbota
@raiymbekbilim
@bilim_baskarmasi
РУС
ҚАЗ